Білімді болғың келсе, Абайды таны

Мектебінде “Білімді болғың келсе, әуелі Абайды таны” атты интеллектуалды сайыс өтті. Сайыстың негізгі мақсаты: Абай шығармаларын талдай отырып, білімдерін жүйелеу, оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу және туған жердің тарихы мен тілінің қадір-қасиетін, сат-дәстүрін ұғындыру.
Бұл сайысқа 5-9 сынып оқушылары белсене қатысып, өз білімдерін шыңдай алды. Іс-шараның соңында оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, түйген ойларын ортаға салды.