Мектеп тарихы

Мәдениет кеңшары Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының солтүстік батысында орналасқан. Өткен ғасырдың, нақты айтсақ, 1927 жылы ауыл шаруашылығы жаппай ұйымдастыру жылдары Мәдениет колхозы деп аталды.

1936-1940  жылдары ауылға депортацияланған поляк және неміс ұлт өкілдері әкелінді. 1950 жылы «Каганович», одан кейін «Мир» колхозы болып қайта құрылды. 1962 жылы «Мәдениет» колхозы, яғни, Мәдениет ауылы «Путь Октября» колхозына косылды. Орталығы Краснокаменка селосы.

Алдында бастауыш мектеп, кейін 1960 жылдан бастап  Мәдениет сегізжылдық мектебі  болып қайта құрылды.

1960 жылы Мәдениет сегіз жылдық мектебі ашылған.